Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Құлан ауылдық округі әкімі және Құлан ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекелерімен құттықтады!
Ауылымыздың абыз қарияларына мерейлі мерекеде зор денсаулық тілеп, Ұлы Жеңісті жақындату жолында аянбай еңбек еткендері үшін "ҰОС- ына 80 жыл" мерекелік төсбелгілерін тақты.
Ауылымыздың қадірлі қариялары ауыл әкіміне алғыстарын білдіріп, елдің амандығын жеріміздің тыныштығын тілеп ақ баталарын берді.