Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес жер қатынастарына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
✅ Қызмет түрлері:
• Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру;
• Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
• Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
• Сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
• Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу немесе бөліп төлеу арқылы сату;
• Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
• Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету).
Барлық өтініштер заңда көрсетілген тәртіппен қабылданып, қаралады.
Сонымен қатар, әкімі аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Мұнда ауыл тұрғындары электрондық мемлекеттік қызметтерді өздігінен ала алады, қажет жағдайда мамандар көмегіне жүгіне алады. Бұл мүмкіндік ауыл тұрғындарына қызмет алуды жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге жағдай жасайды