Қорағаты ауылдық округінде 9-Мамыр Ұлы Жеңістің 80-жылдығы мен Қорағаты ауылының құрылғанына 70-жылдығы атап өтілді

Қорағаты ауылдық округінде 9-Мамыр Ұлы Жеңістің 80-жылдығы мен Қорағаты ауылының құрылғанына 70-жылдығы атап өтілді

Ұлы Жеңістің 80-жылдығы мен Қорағаты ауылының құрылғанына 70-жылдығы қарсаңында ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Ж.Қондыбай және ауданның құрметті азаматтары, ауыл қариялары болып алдымен «Нұр Тау Әулие-Ата» ЖШС-нің демеушілігімен соғылған ауылдағы соғысқа қатысқан ардагерлерге арналған ескерткіш тақтасының  және ауылдағы 40-жылдық түлектердің демеушілігімен соғылған мектеп ауласындағы ұлы ұстаздарға арналған ескерткіш тақтасының ашылу салтанатымен бастау алып, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Ж.Қондыбай Ұлы Жеңістің 80-жылдығымен және Қорағаты ауылының құрылғанына 70-жылдығымен құттықтап, бүгінгі мереке қарсаңында осы ауылдағы соғысқа қатысқандарға арналған ескерткіш тақтасын соғып беріп отырған «Нұр Тау Әулие-Ата» ЖШС-не және мектеп бітіруші 40-жылдық түлектерге рахметін айтты. Ары қарай 20-жылдық мектеп түлектердің демеушілігімен жаңартылған ауылдағы көпірдің және жеке кәсіпкер «ИП Белгибаев» демеушілігімен ауылға кіре берісіндегі «I,LOV Қорағаты ауылы» деген жазуы бар ауылдың символының лентасы қиылды. Ашылу салтанатынан кейін ауыл маңындағы  атшабар алаңында мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Ауылдың 70-жылдығына орай кезінде ауылға еңбегі сінген қарапайым жұмыс істеп кеткен бір топ қарияларға сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар киіз үйден дәм татып, құран оқылды. Мереке қарсаңында спорттық іс-шаралар мен жалғасып, ат жарыс, көкпар ойындары тамашаланды.