Қорағаты ауылдық округінің әкімі Бақытбек Аблазимов жұмыс алгоритміне байланысты күн тәртібінде тұрған Қорағаты ауылдық округіне қарасты Мамыртөбе елді мекеніндегі «Шілік» су қоймасының астынан егілген «Аққайнар» шаруа қожалығының қант қызылшасының жиналу барысы жұмысымен танысты

Қорағаты ауылдық округіне қарасты Мамыртөбе елді мекеніндегі «Шілік» су қоймасының астынан еккен «Аққайнар» шаруа қожалығының жетекшісі Иманов Талап Маратұлы қант қызылшасын егумен айналысып келе жатқанына 6 жылдан астам уақыт болды. Қазіргі таңда қант қызылшасын жинау жұмыстары басталып кеткенін айтып биылғы жылы ауа райының құрғақшылығына қарамастан қазіргі заманауи тамшылатып суару жүйесін қолданып, алдағы уақытта жақсы өнім алатынына сенімді.