Ауыл әкімінің кубогы үшін өткізілген кіші футболдан мектеп оқушылары арасында жарыс өткізілді.

Қорағаты ауылының орталық кіші футбол алаңында спорт әдіскері А.Мектепбаев, Жастар маманы Б.Төребай және спорт ардагері Р.Әжібаевтың ұйымдастыруымен «Ауыл әкімінің кубогі» үшін және мектеп оқушылары арасында әлімжеттікті (буллинг) алдын-алу мақсатында кіші футболдан мектеп оқушылары арасында жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде бірінші орын бас жүлде 7 сынып оқушыларынан құралған командасы, екінші орынды 11 сынып оқушыларынан құралған команда, үшінші орынды 9 сынып оқушылары иемденді. Орын алған командаларға Ауыл әкімінің демеушілігімен бағалы сыйлықтар және грамоталарымен марапатталды.