Ауылдағы көп балалы аналар «Алтын алқа» «Күміс алқа» наградаларымен марапатталды.

Қорағаты ауылдық округінде ерекше белгісі ретінде көп балалы аналар 2 ұл 5 қыз тәрбиелеп өсіріп отырған Аденова Гузипа «Алтын алқа» наградасымен және 5 ұл 1 қыз тәрбиелеген Маткеримова Гүлнұрды «Күміс алқа» наградасымен ауыл әкімі Бақытбек Аблазимов табыстады. Марапаттау рәсімі барысында ауыл әкімі аналарды лайықты наградаларымен құттықтап; Балалардың білімі, отбасының амандығы мен тұтастығы аналарымыздың зор еңбегі мен мейірімділігінің арқасында- деп ақ тілегін жеткізді.