Қорағаты ауылында Құран кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша аудан арасында «Құран жарысы» өткізілді.

Қорағаты ауылында Құран кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша аудан арасында «Құран жарысы» өткізілді.
27 маусым күні Қорағаты ауылының мешітінде Құран кәрімнің 30-шы парасын жатқа мәнерлеп оқу бойынша ауданның әр түпкірінен келген 20-ға жуық жасөспірімдер бағын сынап, Құран жарысы өткізілді. Арнайы  шақырылған ҚМДБ бас мүфтидың орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы бастаған бір топ облыстық наиб және аудан имамдары, алыс жақыннан келген ұстаздар, қарилар тағыда басқа да қонақтар түрлі уағыздар айтып, Жұма намазын оқыды. Жұма намаздан кейін марапаттау рәсімі басталып, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Қырғызбай Һибатулла (Луговой ауылының тумасы) иеленіп умра қажылыққа жолдама алды. I-орынды Құрманбек Сайтулла (Жарлысу ауылы) 200.000 теңге, II-орынды Исмаил Илияс (Көгершін ауылы) 100.000 теңге, III-орынды Фазылов Хайрулла (Жаңатұрмыс ауылы) 70.000 теңге ақшалай сертификаттары табысталды. Қалған жарысқа қатысқандарға ынталандыру ақшалай сый-сияпат көрсетіліп, іс-шара соңында арнайы қазақ үйге кіріп, құран оқылып құдай ас берілді. Осы іс-шараны ұйымдастырып отырған ауыл азаматтарына және бас демеуші ретінде жеке кәсіпкер Қорағаты ауылының тумасы Әлімқұлов Нұржан бауырымызға алғыстарын айтты.