Қорағаты ауылында 15-маусым «Әкелер» күніне орай «Әке Асқар тау» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Қорағаты ауылында 15-маусым «Әкелер» күніне орай «Әке Асқар тау» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Қорағаты ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 15-маусым «Әкелер» күніне орай «Әке Асқар тау» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауылдағы жас әкелер үш топқа бөлініп, эстафеталық жарыс ойынын өткізді. Бірінші болып «Нажетхановтар» отбасы, екінші орынды «Әділбековтер» отбасы, үшінші орынды «Мектепбаевтар» отбасы иеленді. Барлық іс-шараға қатысушыларға сый-сияпат көрсетіліп, ауыл әкімі грамотасымен марапатталды.