Қорағаты ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

2025 жылдың 18 мамыры күні ауылымызда өткен Қорағаты ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижесі бойынша, Қорағаты ауылдық округінің әкімі болып Аблазимов Бақытбек Жақсымбетұлы сайланды. 2025 жылдың 19 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.Құралбаев және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тілепов жаңа сайланған ауыл әкімін ауыл азаматтарына таныстыру рәсімін өткізіп, Б.Аблазимовке ауыл әкімі куәлігін тапсырды. Ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Боранбаев жаңа сайланған ауыл әкімін құттықтап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.