Қарулы күштер күніне орай Көкдөнен ауылының тұрғыны, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Жауын Ертай Ернарұлын еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық турнир болып өтті. Аталған турнирге 2014-2015 жылы туылғандар жасөспірімдер арасында 20 кг, 23кг, 26 кг, 29 кг, 32 кг, 35кг, 38 кг, 41 кг, 44 кг, 48 кг салмақ дәрежесінде 130 ға жуық спортшы қатысты. Көкдөнен ауылдық округінің әкімі Атабаев Төлеген Алпамысұлы турнирді ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша командылық есепте жүлделі ІІІ орынды Көкденен ауылының командасы, ІІ орын Шоқан Уалиханов мектебінің командасы, І орынды Спорт кешені командасы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша командылық есепте жүлделі ІІІ орынды Көкденен ауылының командасы, ІІ орын Шоқан Уалиханов мектебінің командасы, І орынды Спорт кешені командасы иеленді.