Көрісу күні құтты болсын!

Көрісу күні құтты болсын!

Құрметті ауыл тұрғындары!

Қыс мезгілі аяқталып, жайма шуақ көктемнің көрікті күнінде бүгін тағы бір мерекені атап өтпекпіз.

Әрбір шаңырақта дастархан жайылып жақсымен жақсы көңіл сұрасып, наурызнаманы «Көрісу» мейрамынан бастадық. Жан жағын күн шуағына малынтып, сағынтып жеткен қасиетті Амал мерекесі баршамызға құтты болсын!

Бұл мереке қазақ халқының ежелден үлкенді сыйлап, кішіге ізет білдіріп, ананы құрметтеп, қызды аялап өткен ғажап болмысын көрсетеді.

Халқымыздың көне салт-дәстүрлерін, ғибратты тұрмыс-тіршілігін айшықтайтын амал күнін тойлау бүгінгі күні оң үрдіске айналды.

Бақытты отбасы, болашағы жарқын еліміздің негізгі байлығы саналатынын ескере отырып, барлық жанұяға жақсылық дарып, үйдің ұйытқысы үлкендеріміз аман болсын. Тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміз мейірімді ананың, қамқор әкенің қуаныш шаттығына бөленіп, саналы ұрпақ қалыптасуын тілейміз.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілейміз. Мереке құтты болсын!