Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды

А.Байтұрсынов және Қ.Сұлтанбеков мектептерінде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге ауған соғысы ардагерлері Б.Садырбаев пен И.Жанатұлы шақырылды. Округ әкімі Т.Атабаев осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен каһарман жерлестерге алғысын білдірді. Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Көкдөнен мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әскери әндер айтып, оқушылар қойылым қойды.