Округте «Тұңғыш перзентін ата әжесінің қолына беруге қалай қарайсыз?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Округте «Тұңғыш перзентін ата әжесінің қолына беруге қалай қарайсыз?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Округте Көкдөнен ауылдық округі аппараты мен Көкдөнен ауылдық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Тұңғыш перзентін ата әжесінің қолына беруге қалай қарайсыз?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға А.Байтұрсынов пен Қ.Сұлтанбеков орта мектептерінің және өнер мектебінің ұстаздары мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ іс-шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Т.Алагозова, аналар кеңесінің мүшесі Г.Утеулиева, билер кеңесінің төрағасы С.Тастанбеков және Құлан таңы газетінің бас редакторы Н.Бықыбаев қонаққа шақырылды.


Тұңғыш перзентті ата-әжеге беру – қазақы тәрбиедегі дәстүрлі құбылыс. Дөңгелек үстелде бұл мәселенің жағымды жақтары (тәжірибелі тәрбие, ақыл-кеңес, үлкенге құрмет) және жағымсыз тұстары (ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды байланыстың әлсіреуі, тәрбиедегі екіұдайлық) талқыланды.
Баланы кім тәрбиелесе де, оның жүрегіне мейірімділік, санасына ұлттық құндылықтарды ұялату – басты мақсат екені айтылды