Көкдөнен тауының бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізілді

Көкдөнен тауының бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізілді

«Су анасы – Бұлақ», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген нақыл сөздер саналы ұрпаққа атадан мәңгі тәрбиелік өнегелі іске баулитын сөздер. Суды адамдар тек ішу үшін ғана емес егін, бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, өнеркәсіптің түрлі салаларына қолданылатындығы анық. Осы қағидаларды ескере отырып Көкдөнен тауының арналары мен арықтары және бұлақ маңына сенбілік жұмыстары жүргізіліп, қоқыстардан тазартылды. Іс-шараға округ әкім Т.Атабаев бастаған ауыл жастары мен еріктілері қатысты. Мұндай сенбіліктер мен тазалық жұмыстары экологиялық мәде­ниетті, табиғатқа деген қамқор көзқарасты қалыптастыруға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.