Ынтымақ ырысқа бастайды

Ынтымақ ырысқа бастайды

”Ынтымақ ырысқа бастайды”атты 1мамыр ынтымақ күніне мерекелік бағдарлама Көгершін ауылдық клубының ұйымдасьыруымен 1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Ынтымақ ырысқа бастайды» атты мерекелік бағдарлама өтті. Алдымен “Достық” этноүйірмесінің жетекшісі Г.Умбеталиеваның ұйымдастыруымен түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары көпшілікке ұсынылды. ІӘрі қарай іс шараны ардагерлер алқасының төрағасы С.Өтегенов ашып,ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген бір топ этнос өкілдеріне ауыл әкімінің алғысын жеткізді.Концерттік бағдарламада “Балауса” бишілер тобының кіші,ортаншы,үлкен топтары “Қазақ биін”, “Өзбек биін”, “Орыс биін”, және “Араб биін” мың бұрала билесе Евдокимова Евгения «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнін,Аубакирова Назгүл “Айналдым елім” әнін, Асыл әжелер» әуесқой клуб мүшелері «Атамекен» әнін және балалар хоры “Қазақстан” әнін шырқап көпшілік көңілінен шықты. Домбырада күй шертіліп, түрлі этнос өкілдері жатқа өлең оқыған бұл шараның қатысушылары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтты