Терсі діни ағымдар уағызы - заңсыз уағыздар

Терсі діни ағымдар уағызы - заңсыз уағыздар

     Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының Т.Рысқұлов ауданы бойынша инспекторы Н.Шәмшіхан мен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ дінтанушы теолог маманы   М.Рахимбаев. Көгершін ауылында  "Терсі діни ағымдар уағызы - заңсыз уағыздар " тақырыбында іс -шара өткізді.

      Теріс ағым қайдан шығады?

     Қазір кез келген ортада, әлеуметтік желіде ең көп талқыланатын тақырып – дін мәселесі. Жасы да, жасамысы да өз бетінше уағыз айтып, пәтуа шығарғыш болып алды. Басты себебі – халықтың діни сауаттылығының әлі де жеткіліксіз екенін түсіндірді.

     Кейінгі буынның мешіттерге, медреселерге келіп, имамдардан ілім алуы құптарлық іс. Әйтсе де сол ғидабат ордаларына бармай-ақ, сайттар мен ютубтан «ұстаз» тауып алушылар қатары көбейіп кетті. Аты-жөні Діни басқарма мен арнайы құзырлы органдардың «қара тізімінде» тұрған әлгі дәріс оқушылардың қаншама жастың тағдырын тас-талқан етіп отырғаны белгілі деп айтып өтті.