2025 жылдың 18 мамыры күні ауылымызда өткен Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижесі бойынша, Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып Сералиев Нұржан Тілеуқұлұлы сайланды. 2025 жылдың 19 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат жетекшісі Е.Құралбеков пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тілепов жаңа сайланған ауыл әкімін ауыл азаматтарына таныстыру рәсімін өткізіп, Н.Сералиевке әкім куәлігін тапсырды.Аулымыздың ардагерлер кеңесіңнің төрағасы М.Скендеровте өз сөзінде, ауыл әкімін сайлауда жеткен жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта еңбекте абыройлы болуын, халық үшін бар күш жігерін салып жұмыс істеуге шақырды.