2025 жылдың 22 наурызында Қайыңды ауылдық округінде Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында алғашқы болып ауыл әкімі А.Асанбай,ауыл халқын мерекелерімен құттықтады.
Ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылығымызды насихаттайтын түрлі қазақтың дәстүрлерінен қойылымдар қойылды, концерттік бағдарламалар өткізілді.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары арасында ата-бабалары атынан бәйгелер тігіп, спорттық іс-шаралар, оның ішінде оқушылар және ересектер арасында қазақша күрес, арқан тарту,көкпар, мини футболдан, волейболдан жарыс өтті. Шара барысында халыққа қазан асылып, наурыз көжелер таратылып, кең дастархан жайылды.