Рәміздер мерекесіне арналған іс-шара

Рәміздер мерекесіне арналған іс-шара

2025 жылы 4 маусым күні сағат 11-00-де  Қайыңды ауылдық округінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне  арналған іс –шара болып өтті. Іс-шараға қатысушылар  мемлекетіміздің Елтаңбасы мен Туының астында еліміздің Әнұранын орындары. Мемлекеттік нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы.