Қайыңды ауылындағы балаларды қорғау күні

Қайыңды ауылындағы балаларды қорғау күні

2025 жылдың 1 маусымы күні Қайыңды ауылдық округінде балаларды қорғау мерекесіне орай, мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс –шараны ауылдық округ әкімі Н.Сералиев ашып  жиналған ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, балаларға бақытты балалық, елімізге бейбіт өмір тіледі. Мерекелік іс-шарада ауылымыздың жас өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік концертен соң ауыл әкімінің ұйымдастыруымен, ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен аз қамтылған отбасы балаларына бағалы сыйлықтар беріліп, мерекеге келген бүлдіршіндерге тегін балмұздақтар таратылды.