Біздің Қарақыстақ ауылдық округінен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауынан 5 жыл қатарынан жеңімпаз отбасылардың шығуының өзі ауыл аймағымыздың өсіп-өнгендігін, отбасы инситутының дамығандығын, ұлттық құндылықтардың жоғары бағаланатындығын көрсетеді.
Осы қаситті Қарақыстақ топырағынан Ислам Байрамуковтай, Елдос Сметовтей, Әділет Дауланбаевтай әлемге әйгілі спортшылардың шығуы, қаншама ақын-жазушы, елімізге белгілі қоғам қайраткерлерінің шығуы да отбасы тәрбиесі мен отбасы қазығының мықты болуынан деп білемін.
Бұл күндері Қарақыстақ аймағы еліміздің демографиялық өсуіне өз үлесін қосып қана қоймай, қаншама талантты, дарынды жастарды тәрбиелеп отырған жас отбасылардың щоғырланған мекені.
Сондықтан да, баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын! Отбасыларыңыз аман болсын! Еліміз, жеріміз гүлдене берсін!