Қарақыстақ ауылдық округінде Жеңістің 80 жылдығына орай тыл еңбеккерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік медалі табыс етілді. Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С. Далибаев пен аудандық мәслихат депутаты М. Мейманханов тыл ардагерлеріне наградаларын табыс етіп, мерекемен құттықтап қайтты. Тыл ардагарелері, ардақты аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз елімізге амандық, бақыт тілеп, өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.