Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С. Б. Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С. Б. Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы  орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы № 826 Жарлығына сәйкес Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі С.Б.  Далибаев Тасшолақ ауылының тұрғындарымен 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беру кеңесін өткізді. Тасшолақ ауылының тұрғындары мектеп құрылысы, жол айрығын сумен жабдықтау, елдімекенді абаттандыру және көгалдандыру бойынша көптеген сұрақтар қойды. Ақсақалдар әкімге жақсы атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.