Қарақыстақ ауылдық округінде «Болашағыңды қорғай біл-есірткіге жол жоқ!"атты іс-шара өткізілді

Қарақыстақ ауылдық округінде  «Болашағыңды қорғай біл-есірткіге жол жоқ!"атты іс-шара өткізілді

Нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.

Қарақыстақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г. Алимова нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажеттігін және есірткінің адам мен қоғамға зиянын атап өтті.