
Жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қарақыстақ ауылдық округінде «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл спорттық іс-шара Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппараты мен ауылдық спорт маманының бірлесуімен өткізілді.
Жарысқа жастардан құралған аула командалары қатысып, өзара бақ сынап, командалық ойын мен салауатты өмір салтының маңызын көрсетті.
Кіші футболдан жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен ойыншылар арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды.