Қарақыстақ ауылдық округіндегі кіші спорт залы заманауи жабдықтармен жаңартылды

Қарақыстақ ауылдық округіндегі кіші спорт залы заманауи жабдықтармен жаңартылды

Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан кіші спорт зал толық жаңартылып, заманауи талапқа сай қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Бұл игі іс «Kazakhstan halqyna» қорының қолдауымен «Batyr bolamyn» жобасы аясында жүзеге асты.

Енді ауыл жастары мен тұрғындары үшін спортпен тұрақты айналысуға барлық мүмкіндік жасалып отыр. Жаңа жабдықтар – жаңа серпін, жаңа жетістіктердің бастауы болмақ.

Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, Лаззат Алтынбекқызы бастаған қор өкілдеріне ел игілігі жолындағы еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұл бастама – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.