Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С.Б. Далибаев Жалпақсаз ауылының тұрғындарымен кездесті

Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С.Б. Далибаев Жалпақсаз ауылының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес ауыл әкімі С.Б. ДалибаевЖалпақсаз ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға арналған жоспарлар айтылды.

Тұрғындар өзекті мәселелер бойынша оның ішінде көлді және дренаждарды тазалау, ескі медициналық пункт ғимаратын бұзу, көше жарығы және басқа мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.