Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С.Б. Далибаев Қазақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Қарақыстақ ауылдық округі әкімі С.Б. Далибаев Қазақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес ауыл әкімі С.Б. Далибаев Қазақ ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға арналған жоспарлар айтылды.

Тұрғындар өзекті мәселелер бойынша оның ішінде тау суы, балабақшаны жөндеу, мектепке газ кіргізу мәселесі, көше жарығы және басқа мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.