
Діни сауаттылықты арттыру, жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі, деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатері сынды бірқатар түйіткілдер бүгінгі қоғамның өзекті мәселелеріне айналған. Еліміздегі діни сауаттылықты арттыру мақсатында облыстық діни проблемаларды зерттеу орталығының инспекторы Н.Шамшахан, ауылдық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Н. Айтжанов ауыл жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар, дін мен ұлттық құндылықтар сабақтастығы, ғаламтор кеңістігіндегі ресми емес діни сайттарға кірмеу туралы кеңінен айтылды.
Дәрістер тыңдалғаннан кейін қатысушылар өзара сұрақтарын ортаға салып, пікір алмастырды.