
Отбасы – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Еліміздің барлық өңірлерінде отбасын қолдау орталықтары Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес құрылған болатын. Т. Рысқұлов аудандық отбасын қолдау орталығының жетекшісі Айгүл Алдабергенқызы Қарақыстақ ауылдық округі бойынша мобильдік топ мүшелерімен кездесті.
Ауылдық округі әкімі Серікбай Далибаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету – өте маңызды міндет.... Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс»,- деген сөзін алға тартып, мобилдік топ жұмысының тиімділігін айтып өтті.