
Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Каменка ауылындағы облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығында "Аялы алақан" атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Орталыққа демеушілер есебінен балаларға ойыншықтар таратылып, ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама қойды.