
Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен және Б. Момышұлы атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен Жамбыл облысы әкімдігі "Дін проблемаларын зерттеу орталығының" Т.Рысқұлов ауданы бойынша инспекторы Н. Шәмшіхан "Мемлекет және дін" атты кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі таңдағы қоғамымыздағы діни мәселелер мен мемлекетімізде тыйым салынған дәстүрлі емес діни ұйымдары туралы кеңінен түсіндірілді.