2013 жылдан бастап қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында Отбасы күні атап өтіледі.
Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты - елімізде адамгершілік ерлі-зайыптылықты насихаттау және руханиятты нығайту.
Отбасында қоғам ұяшығындағыдай ұрпақтар байланысы сақталады, балалар рухани және адамгершілік құндылықтарда тәрбиеленеді, жеке тұлғаның әлеуметтенуі отбасында басталады. Бүкіл қоғамның болашағы жаңа ұрпақтың қалай өсетініне байланысты.
Осы мерекеге орай Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппараты Каменка ауылындағы белгілі меценат, ауылдағы мешіт жанынан 250 орындық мешіт салған, кәсіпкер Мақсат Құрамысовтың отбасын және анасы Шолпан Құрамысованы меркемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.