Таза ауыл – берекелі өмірдің кепілі! Табиғат – бәрімізге ортақ, туған ауылымыздың көркейіп, көшелеріміздің таза болуы – әр азаматтың борышы.
Осылайша, әр сенбі күні өткізілетін жалпы ауылдық сенбілікке ауыл тұрғындары да белсене қатысуда.
Әркім өз үйінің алдындағы, көшесінің бойындағы тазалыққа үлес қосса – ауылымыз көркейіп, өмір сүру сапасы артады.
"Бірлік бар жерде – тірлік бар" дейді дана халқымыз. Бірлігімізді көрсетіп, жас ұрпаққа тазалық мәдениеті жөнінде үлгі көрсетіп, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді нақты іспен дәлелдейтін сәт келді!
"Құлан - мәдениет мекені" деген тұжырымдама да қабылданып, ауданымызда осылайша тазалық мәдениеті насихатталуда.