Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы № 826 Жарлығына сәйкес Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі
С.Б. Далибаев Каменка ауылының тұрғындарымен 2025 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беру кездесуін өткізді. Каменка ауылының тұрғындары тау суы, таудағы алтын қазбасы туралы, қаңғыбас иттерді аулау жайлы, елдімекенді абаттандыру және көгалдандыру бойынша көптеген сұрақтар қойды. Ақсақалдар әкімге жақсы атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.