Қарақыстақ ауылдық округінде «Есірткі-болашағыңның жарығын өшіру" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Қарақыстақ ауылдық округінде «Есірткі-болашағыңның жарығын өшіру" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Қарақыстақ ауылдық округінде ауылдық округі әкімі аппаратының және ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Есірткі-болашағыңның жарығын өшіру" атты дөңгелек үстел өткізілді.

"Қазіргі таңда қоғамымыздың ең қиын әрі маңызды мәселелерінің бірі — нашақорлық.  Нашақорлық — бұл тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның саулығына және болашағына зор қауіп төндіретін дерт. Бұл сын-қатерге немқұрайлы қарау — біздің келешегіміз үшін жауапсыздық болып табылады! Нашақорлық — бұл зиянды заттарға тәуелділік, адамның физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер ететін, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салдарға алып келетін мәселе. Сұм дерт көбінесе отбасыларымен, достарымен және қоғаммен байланыстарын  үзіп, жалғыздыққа, теңсіздікке, қайғы мен зардаптарға жол ашады. Әрбір адамның, әсіресе жастардың, нашақорлықтың зияндарын түсініп, онымен күресуге дайын болу өте маңызды.Білім беру, ақпарат тарату, спорт, мәдениет және өнер арқылы жастарымызды дұрыс бағытқа салуымыз қажет. Салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлықтың алдын алу үшін бірлесе жұмыс істеу — біздің міндетіміз" деп атап өтті Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Малыбаева