Қарақыстақ ауылдық округінде "Жастар ресурстық орталығы" маманының жаз маусымында балалардың ата-анасының қарауынсыз су айдындарында шомылыуына тыйым салынатындығы, бала қауіпсіздігі басты назарда екендігі түсіндірілді.
"Балалардың су айдындарында ата-аналарының қарауынсыз болулары қауіп деңгейін арта түсіреді. Жаз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апарады. Суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеді.
- Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
- Балаларды қараусыз қалдыруға!
- Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
- Суда ойнауға!
Жалған айқай, қатер белгісін беруге!
- Өтіп бара жатқан катерге, қайыққа жақын жүзуге!
- Көпірден, қайықтан, катерден суға секіруге!
- Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
- Таныс емес жерге сүңгуге!
- Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!
- Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма!
- Жалғыз шомылмауды!
Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек" деп атап өтті Н. Айтжанов.