Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық би күніне арналған концерт өтті

Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық би күніне арналған концерт өтті

Жалпы би өнері – әуеннің ырғағымен дене қимылы арқылы көрсетілетін өнер. Әрбір өнер адамзаттың сезімін, қайғы-қасіретін, ойын, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Әр өнердің өзіндік ерекшелігі бар. Би өнері – тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы болуы керек. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білу басты шарт.

  Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйінде "Томирис" би үйірмесі жұмыс жасайды. Ауыл жеткіншектеріне би үйретуде жас хореограф Нұрбибі Әлішерқызының алар орны ерекше. Күні кеше ғана ауылдық мәдениет үйінде Халықаралық ьи күніне орай "Биле, биле" атты тамаша концерт өтті.