
"ЕҢ ҮЗДІКОҚЫРМАН" байқауын өткізу туралы
1. Жалпы ереже
1. Осы ереже "Оқуға құштар ауыл" жобасы аясында өтетін "Ең үздік оқырман" атты байқауының өткізілу тәртібі мен уақытын, мақсаты мен міндеттерін, жұмыстарды бағалау өлшемі және қортындысын шығару, марапаттауды анықтайды.
Мақсаты:
2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Кітапхана оқырмандарының кітап оқуға қызығушылығын арттыру, Оқушыны терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, кітапхана келушілер санын арттыру. Кітап оқуға ерекше құштарлығы бар оқырмандарды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Міндеттері:
-Жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
-Жастардың сөздік қорын молайту, кітап оқуға тартудың әдістері мен тәсілдерін қолдануға ынталандыру;
-Жастардың рухани жағынан дамуына ықпал ету.
3. Байқауды ұйымдастыру кезеңдері мен шарттары
3.1. Қатысушыларды тіркеу кезеңі – 2024 жылдың 10-30 қараша аралығы
3.2. Жеңімпаздарды анықтау кезеңі – 2025жылдың 10 наурызы.
3.3.Жас санаттары:10 жастан18 жасқа дейін; 19 жастан жоғарғы
4. Байқаудың мазмұны
4.1. Байқауға 10 жастан жоғарғы оқырмандар қатысады. Қатысушылар өзіне ұнаған көркем әдебиеті туралы күнделікке жазып отырады. Жеңімпаздарды анықтау кезеңінде қазылар алқасы қатысушыларға оқыған шығармалары бойынша сұрақтар қояды.
5. Байқауды қортындылау.
- Қазылар алқасы байқаудың қатысушыларын тыңдайды және жеңімпаздарды оқыған шығармаларының саны мен көлеміне қарай анықтайды.
- Бас жүлде жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар сыйға тартылады, жүлделі орын иеленген І, ІІ,ІІІ дәрежелі алғыс хаттармен марапатталады.
-Байқауға тіркелу үшін төмендегі мекен жайға хабарласасыздар
Ақыртөбе мәдениет үйі
Байланыс телефондары: 87775077518, 87086606716