⚜️1 қазан - қарттар күні!⚜️

⚜️1 қазан - қарттар күні!⚜️

⚜️1 қазан - қарттар күні!⚜️
🔹️Қазіргі таңда Қазақстанда қарт адамдар 2 миллионнан астам адамды құрайды.
⚜️1991 жылдан бастап жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында Халықаралық қарттар күні деген атпен жарияланды. Кейіннен БҰҰ құжаттарында «Халықаралық қарттар күні» атауы бекітілді.
Бұл күні біз аға буын өкілдеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің тәжірибелеріңіз ұрпақ үшін баға жетпес құндылық, ал біз Сіздердің лайықты ізбасарларыңыз болуға тырысамыз. Бүгін де лайықты демалыста бола тұра, Сіздер әлі де белсенді өмір салтын ұстанып, бар білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізбен жас ұрпақпен бөлісудесіздер.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға тыныштық пен жылулық, ұзақ ғұмыр мен қуанышты күндер тілейміз!

Ақыртөбе ауылдық округі  2024 жыл!