
Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беріліп, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық және әлеуметтік маңызы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамның одан әрі дамуына ықпалы туралы толық ақпарат берілді.