⚜️ ӘЖЕ КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ - НЕМЕРЕ ӨМІРДІҢ БАЗАРЫ ⚜️

⚜️ ӘЖЕ КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ - НЕМЕРЕ ӨМІРДІҢ БАЗАРЫ ⚜️
⚜️ ӘЖЕ КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ - НЕМЕРЕ ӨМІРДІҢ БАЗАРЫ ⚜️
🔰23 желтоқсан күні Ақыртөбе ауылында, отбасындағы дәстүр мен тәрбиенің шамшырағы, үлгі мен өнегенің таптырмас қазынасы әжелер мектебінің жұмысын жандандыра отырып, салт-дәстүрлер негізінде өскелең ұрпаққа ұлағатты тәрбие беріп, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеу мақсатында ӘЖЕ КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ - НЕМЕРЕ ӨМІРДІҢ БАЗАРЫ атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
🔰Айтулы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйі, Ақыртөбе орта мектебі, <АЯУЛЫМ> бөбекжай бақшасы мен <БОЛАШАҚ> бала бақшасының ұжымдары атсалысты.
🔰Мерекелік кешті тамашалауға келген жергілікті ауыл тұрғындарымен қатар арнайы қонақтар қатарында; Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Бижанов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы М.Маңғұтов пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Т.Алагөзова және жақын аймақтағы аналалар мен әкелер кеңесінің мүшелері қатысты.
🔰Іс-шара негізінен төрт бөлімнен құралған.
Алғашқы бөлімінде қонақтарды домбыра ансамблінің орындауындағы әсем күймен қарсы алып, қолөнер бұйымдарымен таныстырса, екінші бөлімінде Ақыртөбе орта мектебінің ұжымы КЕУСЕН, СІРГЕ дәстүрі бойынша қонақтарға түрлі дәм ұсынды.
Кештің негізгі бөлімінде жоғарыда аталған төрт мекеме ұжымдарының бірлесіп ұсынған концерттік бағдарламасы көрерменнің көңілінен шығып, өнерпаздар зор қошеметке ие болды. Сондай-ақ кеш соңында осы іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан бірқатар азаматтар аудандық аналар кеңесі ұйымының және ауылдық округ әкімдігінің АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН марапатталды.