Республика күні мерекесіне орай Ақыртөбе ауылында <<ТУҒАН ЕЛІМ ТІРЕГІМ>> атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталып, Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Бердіштің құттықтауымен жалғасты.

Іс-шара барысында келуші қауымның назарына кітапханашы С.Орманованың тақырып аясында даярлаған кітап көрмесі таныстырылып, жергілікті көркемөнерпаздар музыкалық көркемдік жетекшісі К.Ембердиев, үйірме жетекшілері С.Шәріпханова мен С.Ордабаеваның шәкірттері бірге өнер көрсетуімен жалғасты.