⚜️Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақыртөбе ауылдық округінде Ақыртөбе орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді!

⚜️Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақыртөбе ауылдық округінде Ақыртөбе орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді!
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақыртөбе ауылдық округінде Ақыртөбе орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудан прокуроры Болат Қалыбаев және аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Түменбаев қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға заңға құрметпен қарау, құқықбұзушылықтан аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану, өнер мен спортқа бет бұру сынды мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бала қауіпсіздігі – барша қоғамның ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді. Оқушылар да өз кезегінде құқықбұзушылыққа жол бермеуге дайын екендерін білдіріп, мектеп аумағында тәртіпті сақтау бойынша өз жауапкершіліктерін жеткізді.
Аталған бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде жүйелі түрде жалғасын табатын болады.