
Мемлекет басшысының #826 жарлығы негізінде бүгін, Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі Абишев Айбек Каирбекович жеке жұмыс жоспарына сәйкес, Ақыртөбе ауылының тұрғындарымен кезекті кездесу жиынын өткізді. Кездесу барысында 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында округ көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаумен қатар, 2025 жылдың екінші алты айлығына арналған жұмыс жоспарымен де таныстырып өтті. Сондай-ақ жиналысқа қатысушы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталып, түсіндіру шараларын жүргізді.