⚜️ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ⚜️

⚜️ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ⚜️

⚜️ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ⚜️ Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінде ұлттық домбыра күніне орай, жергілікті мәдениет және кітапхана қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ - ДОМБЫРА атты жас өнерпаздармен кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ақыртөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған МҰРАГЕР домбыра үйірмесінің жетекшісі Сандуғаш Жеңісқызы мен осы үйірменің құрамында үздік өнер көрсетіп, түрлі байқауларда лауреат атанған озат өнерпаз шақырылды. Кездесу кешінде қатысушылармен домбыра аспабы мен оның тарихы жөнінде, сондай-ақ бұл аспапта орындалатын шығармалар мен олардың ерекшеліктері жөнінде сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар кеш қонақтары қонақ кәде ретінде домбыра аспабында бірнеше шығармаларды орындап берді. Атап айтқанда; Асыланбек Сұлтанбековтың <<Домбыра>>, Этно-Тұран ансамблінің <<Ер Тұран>> және Құрмағазы Сағырбайұлының <<Балбырауы н>> шығармалары орындалды.