⚜️ 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ!

⚜️ 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ!
⚜️ 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ ⚜️
«Туған жерге туыңды тік» бағдарламасының «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» жобасы аясында өткен жылы ғана 2004 жылғы мектеп түлектері Ақыртөбе мекенінің атауы жазылған стелласын орнатып берген болса, бүгін сол замандастарының игі бастамасын Ақыртөбе орта мектебінің 2005 жылғы түлектері жалғастыруда.
Ауылымыздың 1988 жылғы азаматтары туған жеріне тарту етіп, ауылымыздың орталығынан бой көтерген екі бірдей жаңа нысанның алдына демалыс орынын салып берді. Атап айтқанда спорт кешені мен мәдениет үйінің алдындағы авто тұрақ алаңын қоршап, онда түнгі жарақтандыру жүйесін орнатумен қатар жайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орналастырып, маңайын кесек тастармен тегістеп, тал-дарақтар егілді.