
Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Баймуратова, Н.Мурзатаева №3 орта мектебі ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен ақпарат беріліп, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.