Халықпен кездесу!

Халықпен кездесу!

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Ибрагимов Мият Садырұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығын орындау мақсатында, жұмыс жоспарына сәйкес Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында ауыл тұрғындары тарапынан №3 орта мектеп ғимаратына газбен қашан қамтылатыны, мәдениет үйі қашан салынатыны, қатты тұрмыстық қоқысты тастайтын орын (полигон) мен ауыл ішілік көше тазалығы, балабақша соғу, түнгі көше жарығының күйген шамдарын ауыстыру және т.б. сұрақтар көтеріліп, тиісінше жауаптар беріп, ұсыныстарын тыңдап алдағы уақыттағы жоспарына қосатынын мәлімдеді.