Халықпен кездесу!

Халықпен кездесу!

Бүгін Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Байгожаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 Жарлығын орындау мақсатында, жұмыс жоспарына сәйкес Қызылшаруа ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында ауыл тұрғындары тарапынан ауыл ішілік жол мәселесі, мектеп ғимаратына газбен қашан қамтылатыны, мәдениет үйі қашан салынатыны туралы сұрақтар көтеріліп, тиісінше жауаптар беріп, ұсыныстарын тыңдап алдағы уақыттағы жоспарына қосатынын мәлімдеді.